Skip to main content
    You are not logged in. (Log in)
Eguru
English ‎(en)‎
Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
Eguru
    English ‎(en)‎
    Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
  • Общая медицина
  • Стоматология
  • Фармация
  • ТФП
  • Общественное здравоохранение
  • Сестринское дело
  • Педиатрия
  • MS Teams

Сайт дистанционного обучения Казахского национального медицинского университета

  1. Home
  2. Site pages
  3. Инструкции для преподавателей

Инструкции для преподавателей

    • Google ClassRoom - Instructions for teachers.pdfGoogle ClassRoom - Instructions for teachers.pdf
    • Google ClassRoom - Инструкция для преподавателей.pdfGoogle ClassRoom - Инструкция для преподавателей.pdf
    • Zoom - Инструкция для преподавателей.pdfZoom - Инструкция для преподавателей.pdf
    • Алгоритм проверки работ на плагиат в Moodle.pdfАлгоритм проверки работ на плагиат в Moodle.pdf
    • Инструкция КазНМУ по авторизации в MS Office 365 (для пользователей ).pdfИнструкция КазНМУ по авторизации в MS Office 365 (для пользователей ).pdf
    • Руководство для преподавателей по ДО 2022.pdfРуководство для преподавателей по ДО 2022.pdf
    • Создание изолированных групп в курсе.docxСоздание изолированных групп в курсе.docx
◄ Инструкции для студентов
Инструкция и руководство для прокторов ►
Skip RSS

RSS

  • ОКОЛО 100 ШКОЛЬНИКОВ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО ШАХМАТАМ
    Fri, 31 Mar 2023, 09:03 PM

    Биыл елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлады Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы.

    Республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астанада өтеді. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға жүлде қоры 500 мың теңге.

    «Мемлекет басшысының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахматтан олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады»,– дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада еліміздегі шахмат қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.

  • МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МЕҢГЕРЕДІ
    Fri, 31 Mar 2023, 06:29 PM

    Ақтау қалалық Оқушылар орталығында 6-11 сынып оқушыларына арналған білім беру үдерісіне тігін өндірісін оқытудың цифрлық бағдарламасы енгізілді. 30-ға жуық қыз балалар енді модельдеуді үйренетін болады.

    Маңғыстау облысы білім басқармасының хабарлауынша, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытып, озық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ол үшін үйірме жұмысына әлеуметтік серіктестер жобалауды автоматтандыру жүйесі мен 3D – манекен бағдарламаларын ұсынып отыр. Енді 6-11 сынып оқушылары цифрлық жүйеде моделдеуді меңгереді.

    «Тігін өндірісінің цифрлық технологияларын бұрын тек жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ғана оқитын, енді мектеп оқушылары 3D манекенімен киімді компьютер арқылы модельдеу үйірмесінде автоматтандырылған жобалау жүйесін үйреніп, өз жұмыстарын 3D манекенмен өлшеп көреді. Үйірме тегін және бұл алғаш жүзеге асып отыр», - дейді орталық директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Кәрімова.

    Айта кетейік, оқушылардың үйірмеде жасаған жұмыстары «Цифрлы модольер» құзыреттілігі бойынша «JuniorSkills» қалалық чемпионатында көрсетіледі.

  • ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ШЕТЕЛ МУЛЬТФИЛЬМДЕРІН ҚАЗАҚША ДЫБЫСТАП ЖҮР
    Thu, 30 Mar 2023, 09:50 PM

    Екібастұз қаласында еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды, мұнда оқушылар шетелдің танымал мультфильмдерін өздігінен қазақшаға аударып, дыбыстайды. Дубляждау студиясының негізін қалау «Қайнар» оқу-сауықтыру кешенінің педагогы Еркін Құсанның идеясымен жүзеге асқан.

    «Былтыр мамыр айында «Ұлттық колорит» үйірмесін ашып, мемлекеттік тілдегі медиаконтентті іске қостық. Жазғы демалыс уақытында «Бэймакс» мультфильмінің бірінші бөлімін қазақ тіліне тәжімалап, дыбыстап көрдік. Мыңдаған қаралым жинаған нәтиже көрерменге де, өзімізге де ұнады», – дейді педагог.

    Дайын жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына ұсынылған болатын. Жоба үздіктердің қатарынан көрініп, 3 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алды. Бұл қаражатқа педагог оқушыларымен бірге 50 жеткіншек қатыса алатын жаңа дубляждау студиясын ашып, жабдықтаған. Бүгінде дубляж қыр-сырын меңгеріп жүрген оқушылар жаңа бастамаларды ойластырып жүр.

    Атап айтқанда, шетелде үздік деп танылған «Сәттілік» мультфильмін қазақ тілінде дыбыстап, жергілікті кинотеатрда көрермен назарына ұсынбақшы. Сондай-ақ топ алдағы уақытта еліміздің анимациялық студияларымен бірлесіп жұмыс істеуді де жоспарлап отыр.

  • ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРДЫ
    Thu, 30 Mar 2023, 06:37 PM

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағытта кешенді жұмыс бастады. Кеше облыстық білім басқармалары басшыларының, педагогикалық ЖОО ректорларының және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен екі ведомствоның бірлескен кеңесі өтті. Іс-шараға жүзден астам қатысушы педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін, негізгі басымдықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады.

    Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаевтың айтуынша, кадр сапасы мен педагог мәртебесін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.

    «Министрліктің басым міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Толыққанды зерттей отырып, жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазір педагогикалық жоғары оқу орындарының Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және Білім басқармаларымен өзара іс-қимылын күшейту өте маңызды», – деді Ғани Бейсембаев.

    Кеңесте Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбек сөз алып,  педагогикалық білім беруді дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты.

    «Мемлекет басшысы білім беру саласына өзгерістер енгізетін 1 мың көшбасшы дайындауды тапсырды. Осы тапсырманы орындау үшін министрлік жаңа формациядағы мектептердің топ-менеджерлерін даярлауды жоспарлап отыр. Ол үшін еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының базасында жетекші мектептерді тарта отырып, магистратураның арнайы бағдарламалары іске асырылатын болады. Педагогикалық білім беруді аккредиттеу «Педагог» кәсіби стандартына негізделетін болады. «Педагог құзыреттілігінің шеңберін» қабылдау мақсатында министрлік «ЖОО оқытушысы» кәсіби стандартының жобасын әзірледі. Айта кету керек, бұл стандарт жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін ескере отырып негіздемелік сипатта жүзеге асады. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы аясында мұғалімдерді даярлау мақсатында жыл сайын педагогикалық бағыттарға 7 мың грант бөлу жоспарлануда. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп педагогтерге арналған біліктілік тесті әзірленеді», – деді Саясат Нұрбек.

    Талқылауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорлары және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы  мен  Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының басшылары, білім басқармаларының басшылары қатысты. Атап айтқанда, бірлескен ынтымақтастық, жас мұғалімдерді даярлау және олардың құзыреттілігін арттыру мәселелері көтерілді.

    Басқосу қорытындысы бойынша заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңесі құру туралы шешім қабылданды. Кеңес кадрлардың сапасын арттыру және білім беру ұйымдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

  • ЕЛІМІЗДЕ 400 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ
    Thu, 30 Mar 2023, 05:39 PM

    Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

    «Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

    Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.

Source site...
Home
Eguru

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and tronic typesetting, sheets taining Lorem Ipsum passages.

Информация

  • About Us
  • Terms of use
  • FAQ
  • Support
  • Contact

Follow Us

  • Facebook
  • Twitter
  • Google Plus
  • Pinterest

Contact

Алматы, 94. Ректорат 245 кабинет

Phone: (727) 338-70-90, 7075, 7776

E-mail: dis@kaznmu.kz

Copyright © 2021. Powered by Moodle
Data retention summary
Get the mobile app
This page is: General type: incourse. Context Folder: Инструкции для преподавателей (context id 217295). Page type mod-folder-view.