«Жақ–бет және гнатикалық хирургия» пәні, жоғары медициналық  «Стоматология» мамандығы бойынша білім беру стандартына сәйкес,«стомотология» бөлімінің пән мамандығы циклінің негізгі бөліміне жатады

«Жақ–бет хирургиясы-бұл пән,жарақат алған науқастарды клиникалық бақылаудың,жақ бет аймағының туа біткен және жүре біткен ақаулықтардың және ауытқушылықтардың,ерекшелігін,сілекей безінің және бет  жүйкесінің сырқаттары,себептері,патогенезі,диагностикасы және осы өзгерістерді емдеудің жалпы түрін, хирургиялық  көмектің ерекшелігін оқытады.

Гнатикалық хирургия –жақ бет хирургиясының бөлімі,тістеудің қаңқалық өзгерісін жөндеумен айналысады


Ауыз қуысының кілегей қабығы мен еріннің қызыл жиегінің аурулары

Пәннің мақсаты - студенттердің ауыз қуысының шырышты қабығының патологиясын ерте диагностикалауға қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, ішкі ағзалар патологиясының айқындылығын бағалау, аурудың ағымын болжау, патогенетикалық терапияны тағайындау және осы патологияның алдын алу үшін.

Пәннің қысқаша сипатталуы - пән ауыз қуысының шырышты қабатының морфофункционалды ерекшеліктерін, ауыз қуысының және еріннің шырышты қабығында пайда болатын әртүрлі аурулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерді оқып үйренеді және клиникалық ағымының ерекшеліктерін, патологиялық өзгерістердің орналасуын, олардың нәтижесі мен болжамдарын анықтайды. Көптеген инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, жіті және созылмалы, спецификалық және спецификалық емес процестердің (диабет, лейкоз, күлбіреуікше, мерез) ерте белгілерін қарастырады, олар науқастың стоматологқа алғашқы жүгінуіне себепші болады.

Оқытудың соңғы нәтижелері (негізгі):

Әдістер мен технологиялардың кең ауқымын пайдалана отырып, әртүрлі жағдайларда әр түрлі адамдармен өзара іс-қимылда дербес, жан-жақты және тиімді коммуникация дағдыларын игеру.

 

коммуникативтік дағдылар: нақты, тиімді және кәсіби коммуникацияны және жеке тұлғалармен/пациенттермен, отбасылармен және топтармен, әріптестермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды көрсетеді, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін пайдалана алады

 

Кез келген жастағы емделушілерде жеке органдар мен жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын талдау қабілеті және дайындығы

 

Аурулардың дамуындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың рөлін талдау, аурулардың дамуының патогенезін түсіну және олардың стоматологиялық аурулардың дамуына әсерін түсіну, әртүрлі соматикалық және жұқпалы аурулар мен патологиялық үдерістер кезінде жақ-бет аппаратының функционалдық өзгерістеріне бағалау жүргізу қабілеті мен дайындығы

 

Мүшелер, жүйелер және жалпы ағза бойынша патология ағымының заңдарын ескере отырып, медициналық-биологиялық және клиникалық пәндер негіздерін біле отырып, аурулардың негізгі патологиялық симптомдары мен синдромдарын анықтау қабілеті мен дайындығы, аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуін және денсаулыққа байланысты проблемаларды ескере отырып, стоматологиялық диагноз қою алгоритмін қолдану

 

Пациенттің толық медициналық анамнезін жинауға, жақ-бет аймағының ағзалары мен тіндерінің жай-күйін бағалауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген медициналық құжаттаманы ресімдеуге қабілеттілігі және дайындығы

 

Зерттеудің заманауи аспаптық, зертханалық және функционалдық әдістерінің нәтижелерін тағайындау және түсіндіру қабілеті мен дайындығы

 

Цитологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеуге арналған биоматериалдарды алу қабілеті мен дайындығы

 

Стоматологиялық аурулары бар барлық жастағы науқастардың, олардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, диагноз қою және емдеу жоспарын жасау қабілеті мен дайындығы және қажет болған жағдайда пациенттерді тиісті аралас мамандарға жіберу

 

Кез келген жастағы емделушілерде тіс жегісінің, ұлпа мен периодонт ауруларының, пародонт ауруларының, ауыздың кілегей қабығының және қызыл еріннің жиегінің ауруларының диагностикасына қабілеттілігі және дайындығы

 

Стоматологиялық ауруларды хирургиялық емдеу үшін көрсеткіштерді анықтау қабілеті және дайындығы

 

Өмірге қауіпті, оның ішінде инфекциялық, ауыздың кілегей қабығының аурулары бар науқастың диагностикасын жүргізуге және тиісті мамандарға жіберуге қабілеттілігі мен дайындығы

 

Стоматологиялық қабылдаудағы шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларды анықтау бойынша негізгі диагностикалық шараларды көрсетуге қабылеттілік және дайындық

 

Емдеу қызметі

 

Өмірге қауіп төндіретін: жүрек тоқтауы, анафилактикалық шок, асфиксия, талма, коллапс, эпилептикалық талма, қан құйылу, қан кету, жұту және бөтен денелерді жұту, гипогликемия, диабеттік кома, гипертониялық криз кезінде науқастарға алғашқы (дәрігерге дейінгі, дәрігерлік) және шұғыл медициналық көмек көрсету қабілеті мен дайындығы

 

Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін дәрілік терапияны таңдау алгоритмін жүзеге асыру қабілеті мен дайындығы

 

Стоматологиялық аурулардың алдын алу мақсатында қауіп-қатер тобын қалыптастыру қабілеті мен дайындығы

 

Кез келген жас тобында стоматологиялық аурулардың алдын алуды ұйымдастыру және ауыз қуысының гигиенасына науқастарды оқытуға қабілеттілігі мен дайындығы

 

Тіс-жақ аномалиялардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу қабілеті және дайындығы

 

Тіс қағын анықтауға арналған құралдарды, жалпы және жергілікті әсер ететін фтор құрамдас препараттарды, эмальды реминерализациялауға арналған құралдарды, фиссурды мөрлеуге арналған герметиктерді, фармацевтикалық препараттарды тағайындауға және олардың әрекетін бақылауға қабілеттілігі мен дайындығы

 

Халықты диспансерлеу жүргізуге қабілеттілігі және дайындығ

 

Деректемелері / пререквизиттері: патологиялық анатомия, патологиялық физиология,

дерматовенерология, ішкі аурулар пропедевтикасы, клиникалық фармакология, иммунология, инфекциялық аурулар, онкология және радиология, пародонт аурулары.

 

 Мұғалімдер; асс.Бакбаев Б.Б.

                       асс. Уразбаева Б.Б.

                      асс.  Мангытаева Б.Б.

              м.ғ.к.,асс. Казмаганбетова А.К.


«Онкостоматология- жұмсақ тіндердің, бет сүйегі мен ауыз қуысы ағзаларының  қатерлі ісіктерінің таралу жиілігін қарастыратын, халыққа көрсететін хирургиялық онкостоматология ұйымы;

Халықты профилактикалық және скринингтік тексеру кезіндегі онкологиялық ауруларға назар аудару, онкостоматологиялық ауруды клиникалық тексеру мен басқару ерекшеліктері; науқастарға амбулаторлы және стационарлы онкостоматологиялық хирургиялық көмек көрсету.