Skip to main content
    You are not logged in. (Log in)
Eguru
English ‎(en)‎
Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
Eguru
    English ‎(en)‎
    Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
  • Общая медицина
  • Стоматология
  • Фармация
  • ТФП
  • Общественное здравоохранение
  • Сестринское дело
  • Педиатрия
  • MS Teams

Сайт дистанционного обучения Казахского национального медицинского университета

  1. Home
  2. Courses
  3. Курсы
  4. Бакалавриат
  5. Стоматология
Expand all

1-семестр

2-семестр

Skip RSS

RSS

  • ТҮРКІСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ «AUTOCAMP» ӘМБЕБАП АВТОКӨЛІГІН ҚҰРАСТЫРДЫ
    Wed, 27 Sep 2023, 09:22 PM


    Түркістан облысы Келес ауданындағы №13 колледж педагогы мен студенті автопикник жасап шығарды. Ерекшелігі, бұл автокөлік жанар-жағармайды көп қажет етпейді. Инновациялық шығармашылық жұмыс микроавтобустың негізінде жасалған.
    Колледж студенті Бенкс Анарбайдың айтуынша көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған.
    «Бұл көлікті бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Қазір бұл ол табиғат аясындағы демалыс үшін өте қолайлы. Шағын, ыңғайлы, онымен жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейін қайта жинап тастауға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шықты», — дейді жоба авторы.
    Темір тұлпар қараңғы уақытта күннен жинақтаған жарық арқылы қуатталады.

  • ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ: ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 1000 ПӘНДІК КАБИНЕТ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
    Wed, 27 Sep 2023, 04:54 PM

    2023-2024 оқу жылында 1000 пәндік кабинетін ашу жоспарланып отыр. Қосымша 749 кабинет сатып алынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Мемлекет жыл сайын мектептерді салу мен жаңғырту бойынша қаржы бөліп келеді. Соңғы үш жылдың өзінде 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді. 2023-2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пән кабинеттерімен жабдықталады, мектеп жиһаздары, кітапханалар, асханалар жаңартылады және балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

    Сонымен қатар, бүгінде инклюзияны қолдау бойынша 5 кабинет ашылды, жыл соңына дейін тағы 37, 2027 жылға қарай 200 жаңа кабинет ашу жоспарлануда. Еліміз бойынша барлығы 646 инклюзияны қолдау кабинеті бар.

  • ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ: «БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ – БАЛАЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ»
    Wed, 27 Sep 2023, 01:04 AM

    Мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселелері өңірлік білім басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ Министрліктің аумақтық департаменттерімен өткен кеңесте талқыланды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл 1
    қыркүйектен бастап 7 мыңнан астам мектепте, оның ішінде 591 білім ошағында баламалы асхана: кейтеринг және буфеттік тамақтану әдістерімен 1-4 сыныптада оқитын 1,6 млн оқушыға тегін тамақ беріледі.

    Министрлікке қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бүгінде білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану нормаларын қайта қарады.

    «Өңірде өндірілетін отандық өнімдерді пайдалана отырып, ас мәзірін әзірлеу нормасы енгізілді. Бракераждық комиссиялар мен ведомствоаралық сарапшылар үшін мониторингтік топтардың қызмет тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді. Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға басты назар аударылады. Атап айтқанда, санитарлық талаптар мен гигиенаны сақтау, дастарханды безендіру, дұрыс тамақтануды насихаттау», – деп атап өтті комитет төрағасы Насымжан Оспанова.

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақмола облысының Жібек жолы кентіндегі тексерілген мектепті еске салып, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында балаларды сапалы тамақтандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

    «Біздің басты міндетіміз – балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау. Оқушылардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығы мен оқу қабілетін арттыруға септігін тигізетін маңызды шарттарының бірі. Бұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Білім басқармаларының, аумақтық департаменттердің басшылары бақылауды күшейтіп, сапалы тамақтандыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы қажет», - деді министр.

    Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздің барлық мектептерінде тамақтандырудың қандай деңгейде ұйымдастырылғанына мониторинг жасалуда. Бақылау жұмыстары әрі қарай балабақшалар мен колледждерде де жүргізілмек. Ел бойынша барлығы 60 мониторингтік топ құрылды.

  • КҮН САНЫ
    Tue, 26 Sep 2023, 03:13 PM

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның мәліметінше, бүгінде еліміздің мектептерінде 340 958 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 66 648-і ер адам, 274 310-ы әйел адам.

  • ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ 5-ШІ ҚАЗАНДА АТАП ӨТІЛЕДІ
    Mon, 25 Sep 2023, 09:59 PM

    Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту – 5 қазанға бекітілді. Еске салайық, ҚР Үкіметімен тиісті қаулы қабылданған болатын.
    Бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді.
    Бұл күні елордада Педагогтердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Кездесу алаңында педагогтер ең озық және халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады.
    Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру саласында 500 мыңға жуық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогі жұмыс істейді.
    Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды.
    Төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалімге тағайындалған санаттарына қарай 50 пайызға дейін үстемеақы төленуде. Өндірістен қабылданған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35 пайызға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың мұғалімнің жалақысы тағы 30 пайызға өсті.

Source site...
Home
Eguru

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and tronic typesetting, sheets taining Lorem Ipsum passages.

Информация

  • About Us
  • Terms of use
  • FAQ
  • Support
  • Contact

Follow Us

  • Facebook
  • Twitter
  • Google Plus
  • Pinterest

Contact

Алматы, 94. Ректорат 245 кабинет

Phone: (727) 338-70-90, 7075, 7776

E-mail: dis@kaznmu.kz

Copyright © 2021. Powered by Moodle
Data retention summary
Get the mobile app
This page is: General type: coursecategory. Context Category: Стоматология (context id 167133). Page type course-index-category.