Пәннің мақсаты: дәлелді медицина принциптеріне және емдеу-диагностикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес типтік көріністерінде кең тараған хирургиялық аурулар кезінде науқасқа диагностикалық және емдік көмек көрсете алатын медицина бакалаврын дайындау. 

  Пәннің қысқаша сипаттамасы: жалпы хирургия әрбір клиницист дәрігерге, оның ары қарайғы мамандығына байланыссыз, қажетті хирургиялық қызметтің зерттеу негіздерін қалайтын базалық пәндердің бірі болып табылады. Жалпы хирургия студенттің базалық медициналық, клиникалық және хирургиялық ұғымдар туралы білімді қалыптастырады және бекітеді. Жалпы хирургияның негізгі бөлімдерін білу алғашқы және білікті медициналық көмек көрсету көлемінде барлық мамандықтағы дәрігерге қажет.

 Білім берудің нәтижелері

Ø Білім алушылар асептика және антисептика негіздерін қолдана білу, қан топтарын анықтай білу, қан құюға сәйкестікті жүргізе білу, сонымен қатар қан және плазмалық алмастырғыш сұйықтық құю әдістерін меңгеру, жергілікті жансыздандырудың түрлерін тәжірибеде қолдана білу;

Ø Хирургиялық жұқпалы ауруларды ажырата білу, анықтау, оның ем жүргізу шараларын оқытушымен немесе тәрбие берушімен үйлестіру;

Ø Жедел жағдайлардың түрлерін анықтаумен қатар, уақытында, дұрыс біріншілік көмек көрсете білу, оларды стационарға тасымалдауды ұйымдастыру;

Ø Білім алушылар онкологиялық патологиялардың алғашқы кездегі белгілерін уақытында байқап, тексеріске қажетті шараларды білікті мамандармен үйлестіру;

Ø Білім алушылар лаботориялық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін дұрыс талдай білуді меңгеру;