Skip to main content
    You are not logged in. (Log in)
Eguru
English ‎(en)‎
Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
Eguru
    English ‎(en)‎
    Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
  • Общая медицина
  • Стоматология
  • Фармация
  • ТФП
  • Общественное здравоохранение
  • Сестринское дело
  • Педиатрия
  • MS Teams

Сайт дистанционного обучения Казахского национального медицинского университета

  1. Home
  2. Courses
  3. Курсы
  4. Бакалавриат
  5. Педиатрия
Expand all

1-семестр

2 - семестр

Skip RSS

RSS

  • «ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫЛАРЫ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ ҚҰРЫЛДЫ
    Thu, 30 Nov 2023, 10:19 PM

    Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды.

    Электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

    Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

    Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.

    Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/  сайтынан көре аласыздар

  • ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
    Thu, 30 Nov 2023, 10:17 PM

    Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңірлердің тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселеріне қатысты болды.

    Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Айта кетейік, биылғы жылдың 10 айы ішінде Астананың өзінде 100-ден астам азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. Жеке қабылдау Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимараты, Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.

    Бұдан басқа, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларында, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНА 66 ОҚУШЫ ҚАТЫСУДА
    Thu, 30 Nov 2023, 07:47 PM

    Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды. Оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы бақ сынауда.

    Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.

    Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады:
    1️. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);
    2️. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);
    3️. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);
    4️. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);
    5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

  • ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУЫ 65%-ҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
    Wed, 29 Nov 2023, 10:49 PM

    Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық мектептердегі интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Жыл басында мектептердің 19 пайызы ғана талапқа сай болған болса, бүгінде еліміздегі мектептердің 65 пайызында интернет жылдамдығы арттырылды.

    Вице-министр Айбат Ілиясов атап өткендей, осы жылы Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп мектептердегі интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды бекітті.

    «Барлық мектептер бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді толық пайдалану үшін интернет желілеріне қосылу технологиясына инвентаризация жүргізілді. Нәтижесі бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін интернет жылдамдығы төмен мектептердің тізімі жасалды. Пилоттық жоба аясында 2024 жылдың маусымына дейін бұл мектептерді Starlink технологиясына кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда», - дейді Оқу-ағарту вице-министрі.

    Айта кету керек, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 ауыл мектебі пилот ретінде Starlink технологиясына қосылды. Егер бұрын олардағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с аспайтын болса, енді жылдамдық 150 Мбит/с дейін жетті.

    2024 жылдың маусымына дейін 2000 мектепті SpaceX интернетіне қосу жоспарлануда. Мектептердің негізгі үлесі Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарында.

  • 2023 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік Жол картасын әзірледі.
    Wed, 29 Nov 2023, 04:46 PM

    Бірлескен құжат түйткілді мәселелерді мақсатты түрде шешуге және өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған.
     
    Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстарының нәтижелерін ортаға салды. Сонымен, Ақтөбе облысында:
     
    • осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптың 100% немесе 86 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды;
    • балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары  100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;
    • жыл  аяғына дейін 1090 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі;
    • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 мектептің құрылысы басталды;
    • ағымдағы жылы 3144 орынға арналған 43 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Балаларды қамту көрсеткіші 93,1%-ды құрады;
    • ағымдағы жылы 177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды;
    • республикалық қаржы есебінен 170 ауыл мектебі жаңғыртылды;
    • 2025 жылға дейін 24 390 оқушы орнына арналған 44 жаңа мектепті, соның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 620 орынға арналған 3 мектепті салу жоспарланып отыр;
    • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен цифрлық технологияларды қолдана отырып, «Шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда;
    • 7602 педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру тегін курстарынан өтті;
    • 14 педагог «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервіне алынды;
    • ТжКБ-де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 7 мыңға жуық орынға артты.
     
    Атырау облысында:
    • осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптың 100% немесе 58 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды;
    • балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары  100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;
    • 11 650 орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді, қосымша тағы 5 жаңа мектептің құрылысы басталды. 2027 жылға дейін 20 мың орынға арналған 27 мектепті іске қосу жоспарлануда;
    • осы жылы 2520 орындық 9 мектепке дейінгі ұйымды ашу жоспарланып отыр;
    • 1 ПМПК, 3  инклюзивті қолдау кабинеті, 1  психологиялық-педагогикалық  түзету кабинеті ашылды;
    • шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау үшін мектеп автопаркі 23 жаңа автобуспен толықты;
    • 34 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;
    • 6734 педагог «Өрлеу» біліктілікті арттыру тегін курстарынан өтті;
    • үздік кадрларды тарту бойынша өңірлік жоба аясында 10 педагог қызметтік пәтерлерге ие болды;
    • ТжКБ-де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 6,5 мың орынға артты.

Source site...
Home
Eguru

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and tronic typesetting, sheets taining Lorem Ipsum passages.

Информация

  • About Us
  • Terms of use
  • FAQ
  • Support
  • Contact

Follow Us

  • Facebook
  • Twitter
  • Google Plus
  • Pinterest

Contact

Алматы, 94. Ректорат 245 кабинет

Phone: (727) 338-70-90, 7075, 7776

E-mail: dis@kaznmu.kz

Copyright © 2021. Powered by Moodle
Data retention summary
Get the mobile app
This page is: General type: coursecategory. Context Category: Педиатрия (context id 173508). Page type course-index-category.