Пәннің қысқаша сипаттамасы: созылмалы аурулар кезінде жеке ерекшеліктерінің алуан түрлілігін қоса алғанда, олардың өсуін ескере отырып, қауіпсіз пациент – орталықтанған мейіргерлік күтімді жүзеге асыруға арналған клиникалық дағдылар мен технологиялар. Пациенттің белсенді өмірін ұзарту және функционалдық жағдайын жақсарту үшін мейірбикелік күтімді жоспарлау, ұйымдастыру. Созылмалы аурулары бар пациенттерге кеңес беру. Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру. Әлеуметтік қорғау қызметінің алғашқы медициналық-санитарлық көмектің өзара іс-қимылы негізінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі. Әртүрлі санаттағы науқастарға ұзақ мерзімді медициналық-әлеуметтік күтім, паллиативті көмек және үйде күтім жасау қызметтері. Дәрігер және пациенттің отбасымен, қажет болған жағдайда әлеуметтік қызметкермен бірлескен үйдегі мейіргер күтімі.

Пәннің мақсаты: 

- Созылмалы аурулары бар пациенттер еміндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру бойынша мейірбикелердің терең білімі мен іскерлігін қалыптастыру;

- Созылмалы аурулары бар пациенттерде алғашқы және дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету және мейірбикелік процесті ұйымдастыру;

- Мейірбикенің практикалық жұмысында пайдалану үшін деонтология және кәсіби этика негіздері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Курс: 3

Оқу тілі: Қазақ