Улануды химия-токсикологиялық бағалау уытты заттардың молекулярлық және физиологиялық әсер ету механизмімен олардың метаболизмінің, химиялық әдістері, оларды оқшаулау, идентификация және оларды әр түрлі нысандардан анықтауды зерттеумен айналысатын арнайы элективті пәндердің бірі болып табылады. Токсикологиялық ғылымдар кешенінде улануды химия-токсикологиялық бағалау белгілі бір ролімен, сондай ақ ғылыми зерттеу дағдыларымен, нақты анықталған жағдайда зерттеу жұмыстарын жүргізу, логикалық дұрыс қорытынды жасай білу, алынған мәліметтерден нақты қорытынды жасай білу, сондай ақ құжаттарды дұрыс рәсімдеуді талап етуімен ерекшеленеді.


Токсикологиялық химия улы заттар мен метаболиттерінің молекулярлы және физиологиялық әсерлерінің механизмін, оларды әртүрлі нысандардан оқшаулау, идентификациялау, сандық мөлшерін анықтау мақсатында қолданылатын  химиялық әдістерді және методологиясын  оқытатын арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі. Фармацевтикалық ғылымдар кешенінде токсикологиялық химияның белгілі жалпы білімдік және тәрбиелік орны бар, себебі бұл пән болашақ мамандықта ғылыми зрттеулерді жургізуге, белгілі жағдайларда  сынаманы дәл, толыққанды, алынған нәтижелерді логикалық тұрғыда дұрыс қорытындылауға, сонымен қатар оларды құжаттық рәсімдеуге қажетті  дағдыларды қалыптастырады. Бағдарлама қазіргі кезеңдегі токсикологиялық химияның әртүрлі бағыттарын қамтиды: сот-химиялық, клиникалық, наркологиялық, экологиялық, сонымен қатар осы бағыттардың сұрақтарын токсикологиялық химияның негізгі екі бөлімдері: биохимиялық және аналитикалық токсикология тұрғысынан қарастырады.