Құрастырғандар: Қалыпты қалыпты анатомия кафедрасының лекторы: М.С.Мусина, қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасының лекторы: Р.М.Шайхынбекова.

Пәннің қысқаша мазмұны: Анатомия және физиология - ағзалардың, жүйелердің және тұтас ағзаның құрылымы мен қызметтерін зерттейтін пән. Анатомия мен физиология бірдей объектіні – дені сау адамның ағзасын қарастырады, бірақ әр түрлі көзқарастардан: анатомия адам ағзасының құрылымдары ұйымдастырылуының түрлері тұрғысынан, ал физиология қызметтік, адам ағзасындағы жүретін үдерістер тұрғысынан қарастырады. Құрылысы мен қызметтердің түрлері мен мазмұнының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлауда өте маңызды болып табылады. Анатомия және физиология медицинаның іргелі салаларының бірі. Анатомия - бұл адам денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылым болса, физиология - тірі ағзаның тұтастай атқаратын қызметтері, онда болып жатқан үдерістер және олардың қызмет ету механизмдерін зерттейтін туралы ғылым.

Пәннің мақсаты: студенттерге дені сау адамның ағзасының анатомиялық құрылысы және өмірлік маңызды функцияларын құрайтын физиологиялық механизмдер туралы, ағза жүйелерінің функционалдық жағдайын зерттеуге және бағалауға мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды игерте алу болып табылады. Нәтижесінде студент қоғамдық денсаулық сақтау саласында білікті маман болу үшін басқа да алдағы уақытта оқитын пәндерді оқып-үйренуде қажетті іргелі және қолданбалы білімді игеруге қабілеті бола алады.