Пәннің қысқаша сипаттамасы: 

* "Әлеуметтік маңызды аурулар" анықтамасы және әлеуметтік маңызды аурулардың пайда болу қаупі факторлары.Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмектің түрлері мен көлемін, жеңілдіктер тізбесі мен түрлерін айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар. 

* Пациенттерге/ клиенттерге, оның ішінде еңбекке жарамсыздығына диспансерлік бақылау жүргізу. Медициналық көмекті ұйымдастыру және туберкулезбен ауыратын науқастарға күтім жасау. 

* Медициналық көмекті ұйымдастыру және онкологиялық аурулары бар науқастарға күтім жасау. Медициналық көмекті ұйымдастыру және адамның иммун тапшылығы вирусы бар пациенттерге күтім жасау. Медициналық көмекті ұйымдастыру және қант диабеті бар пациенттерге күтім жасау.

* Тиісті емдеу-диагностикалық іс-шараларды қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызды аурулар кезінде пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. 

* Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде жеке, отбасылық және популяциялық деңгейдегі профилактикалық іс-шаралар; бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.

Оқу тілі: қазақша